Рус | Қаз
«Ақ Бота» бөбекжай-бақшасындағы Балаларды қорғау күні

«Ақ бота» бөбекжайы Халықаралық балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтті. Мерекеге орай тәрбиеленушілер үшін ән-күй, қимылды ойындар, спорттық эстафеталар, түрлі байқаулар мен би билеуден тұратын қызықты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.

Мереке балаларға көтеріңкі көңіл күй, қуаныш пен ұмытылмас әсер сыйлады. Балалардың шат күлкісі, жарқын жүздері мен қуанышты сәттері бұл күннің ең көрікті сәніне айналды. Осындай іс-шараларды өткізу балалардың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыруға, достық қарым-қатынасты нығайтуға және салауатты, белсенді өмір салтын ұстануға деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

15.07.2026
Қараулар: 23
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет